Үш жасар сақаудың тілі
04 Jun 2011 Пікіріңізді қалдырыңыз
Меним папам якшы, бижди магзин апаяд, шопа-опа апият(Менің папам жақсы, бізді магазинге апарып, чупа-чупс алып береді), Идженге жаааман, бижди ушты, укта деді, меним укым кеген жок, сен де уяма жаят(Гүлжеңге жаман, бізге ұрысты, ұйықтаңдар дейді, менің ұйқым келген жоқ, сенде ұйықтама жарай ма?)! Мұның бәрін төрт айлық сіңілісіне айтып отыр… УУУУУ, заним со, куе салады өзи, уууу куе салады өзи!!! (Сіңілісін кім еркелетсе, соған қарап езуін тарта береді. УУУУУ, жаным сол, күле салады өзі- 2)… . Осыны тыңдап отырып, әлдебір түркі тілдес халықтардың тілінде сөйлеп отыр ма деп қаласың!!! !
Блог аштым
28 May 2011 1 пікір
Тағы да бір жылды артта тастап семинар тренингке қатысып жатырмын. Осы блогыма қош келдіңіздер.
Рақмет, барлығыңызға. Қонақ боп тұрыңыздар.
Пікірлер